Шерзат ісі: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды
Жарияланды

Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KursivMedia.
Сот үкімімен Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Істе жалпы 9 сотталушы бар. Оларға шыққан үкімді мына жерден біле аласыз.