Шерзат ісі: судья оқиға орнында болған екі әйелге қатысты жеке қаулы шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты тексеру жүргізіледі/коллаж kursiv.media

Шерзат Полаттың қазасына байланысты істі қараған судья Ержан Жанұзақов оқиға орнында болған екі әйел Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығарды, деп хабарлайды KursivMedia.

«Рузбакиев, Қазекенов, Нұрбекова, Жақсыгелдіге қатысты тексеру жүргізу қажеттілігі туралы Алматы облысы прокурорының назары аударылсын. Жекеше қаулыны қарау, қолданылған шаралардың нәтижесі туралы Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 айдан кешіктірмей хабарлансын», – делінген судья Жанұзақов шығарған қаулыда.

Бұған дейін жәбірленушінің адвокаты Мейірман Шекеев оқиға орнында болған әйел Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығаруды сұрады.

«Эльмира Нұрбекова сотта қасақана көрінеу жалған айғақ бергені үшін және аса ауыр қылмыстық хабарламау туралы жеке қаулы шығарып, ол қаулыны Алматы облысы прокурорына тиісті процестік шешім қабылдау үшін жолдауды сұраймыз», – деді адвокат Шекеев.

Сондай-ақ оқыңыз