Сотталғандар Шерзаттың отбасына 120 млн теңге моральдық шығын төлейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзаттың отбасына қанша көлемде моральдық шығын төлейді/фото: Kursiv.media

Талдықорған сотында Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты. Соған сәйкес, 8 сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиян өндірілетін болды, деп хабарлайды KursivMedia.

Жарыссөз барысында жәбірленушінің отбасы сотталушылардан 660 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу бойынша талап арыз берді.

Істі қараған судья бұл талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Абзал Шынасылдан талап қоюшы Қаржаубай Нұрымовқа, Гүлбара Бишембиеваға, Жұмабике Қадырованың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден моральдық зиян өндірілсін;

Равиль Сакиевтен талап қоюшы Қаржаубай Нұрымовқа, Жұмабике Қадырованың әрқайсысының пайдасына 15 млн теңгеден өндірілсін;

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Равиль Сакиев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишембиеваның пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян өндірілсін;

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян өндірілсін;

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Жұмабике Қадырованың пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян өндірілсін;

Сондай-ақ оқыңыз