Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты

Талдықорған сотында Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды KursivMedia.
Үкімді судья Ержан Жанұзақов оқыды. Соған сәйкес:
Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот оның 2024 жылдың қазанында 7,5 жылға сотталғанын есепке алып, жазаны ішінара қосу арқылы үкім шығарды.
Шыңғыс Белғожаев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дархан Әскентай қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2024 жылғы 4 сәуірде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Үкімдердің жиынтығы бойынша бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін ішінара қосу арқылы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақ (2007 жылы туған) қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты жасыру) кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Шерзат Полат ісі бойынша толығырақ мына жерден оқи аласыздар.