
Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма мүшелері 2024 жылы жалпы 526,9 млн теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл туралы қор биржасының жылдық аудиторлық есебіне сілтеме жасай отырып, Жеке инвесторлар қауымдастығының телеграм арнасы хабарлайды.
Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35,9%-ға артық 2023 жылы олар 387,5 млн теңге алған еді.
KASE ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, басқарма құрамында 5 адам бар. Осылайша, әрбір мүшеге жылына шамамен 105 млн теңгеден келген.
Қор биржасының негізі акционері – Қазақстан Ұлттық банкі. Бас банк KASE-нің 46,9% акциясын иеленеді. «Райффайзенбанк» АҚ-ға биржаның 13,1% акциясы тиесілі. Одан бөлек, ірілі-ұсақты бірнеше акционері бар.