QazaqGaz: 289 млрд теңге табыс компанияда қалады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
QazaqGaz дивиденд төлемейді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

QazaqGaz ұлттық компаниясының 2024 жылға таза табысын өзінде қалдырады. Былтырғы таза пайдасынан дивиденд төлемейді. Жалғыз акционердің шешімі Қазақстан қор биржасына (KASE) жарияланған.

Компанияның 2024 жылға арналған аудиттен өткен жылдық қаржы есебі бекітіліп, 289,1 млрд теңге көлеміндегі таза табыс бөлінбей, компания меншігінде қалатын болды.

QazaqGaz ұлттық компаниясы былтыр 30 млрд теңге шығынға ұшыраған. Жалпы шығынға қарамастан, компания 289 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл – 2023 жылғы 325,8 млрд теңгемен салыстырғанда төмен нәтиже.

Компанияның жалғы акционері – «Самұрық-Қазына» қоры. Ол компанияның 100 пайыз акциясын иеленеді.

Сондай-ақ оқыңыз