Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін транзит жүк көлемі артып келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
жұк тасымалы
Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүк Қазақстан арқылы өтеді / Фото: shutterstock, бильд-редактор АХтам Зиперов

2024 жылы Қытрайдан Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған транзит жүк көлемі 15,4 млн тоннаға жетіп, тарихи рекорд орнатты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйене отырып DATA HUB арнасы жазады.

Транзит көлемі үш жыл қатарынан көбейген

Қазақстан арқылы өтетін транзит жүк тасымалы соңғы үш жыл бойы қарқынды өсіп келеді. 2022 жылы өсім 37%-ды, 2023 жылы – 33%, ал 2024 жылы 22%-ды құрады. Жалпы, бұл бағытта оң динамика байқалады. Соңғы 12 жылда жүк көлемінің төмендеуі тек екі рет – 2015 және 2016 жылдары ғана тіркелген.

Қытай – негізгі жүк жөнелтуші

Қазақстан арқылы өткен транзит жүктің 72%-ын Қытайдан шыққан тауарлар құрайды. Ал Қытайдың өзі жүк алушы ретінде небәрі 2% көрсеткішке ие.

2024 жылы Қытайдан Өзбекстанға жөнелтілген жүк көлемі 60%-ға өсіп, 5,3 млн тоннаға жетті. Ал Еуропалық Одақ елдеріне бағытталған тасымал 134%-ға артып, 2,3 млн тонна болды.

Ресейге бағытталған жүк көлемі, керісінше, 14,7%-ға төмендеп, 3,6 млн тоннаға дейін қысқарған.

Теміржол – негізгі транзит арнасы

2024 жылы Қазақстан арқылы Қытайдан келген транзиттік жүктің 62%-ы теміржол арқылы жеткізілді. Бұл – 13,3 млн тонна. Жалпы транзиттік жүк көлемі барлық көлік түрлері бойынша 21,3 млн тоннаны құрады.

Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай жаңа темір жол дәлізін ашу мәселесін талқылап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз