
2025 жылғы 4 маусымда Астанада Astana Mining & Metallurgy (АММ) халықаралық конгресі шеңберінде ұйымдастырылған ұлттық тау-кен металлургиясының салалық «Алтын Гефест» конкурсы өтті. Кештің басты наградаларының бірін Kursiv Media редакциясы алды. Басылым тау-кен металлургия кешені (ТМК) туралы баспа және интернет-ресурстағы үздік журналистік жұмысы үшін «Жылдың Медиа-жобасы» номинациясында жеңіске жетті.
Kursiv.Media редакциясына марапат қазақстандық кеншілердің өмірі туралы «Мыстың құны» деректі фильмі үшін берілді. Фильм тау-кен орнында жұмыс істейтін жезқазғандық бір әулеттің өмірі мен жұмысы туралы баяндайды. Дәуреновтер отбасы – күллі ғұмырын мыс өндіру, өңдеу және тасымалдау саласына арнаған қарапайым жұмысшылар. Фильмді Kursiv Media Youtube арнасынан көруге болады.
«Алтын Гефест» байқауы ТМК саласындағы басты кәсіби марапат саналады. Ол Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің қолдауымен және ERG компаниялар тобының ұйымдастыруымен өткізіледі. Осымен 15-ні мәрте өтіп жатқан шарада жыл сайын осы сектордың дамуына үлес қосқан мамандар, компаниялар мен жобалар марапатталады.