Қазақстан – Андорра: Дастан Сәтбаевтың ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан Андорра матчын қайдан көруге болады
Қазақстан Андорра матчын қайдан көруге болады / фото: kff_team

Бүгін, 5 маусым күні, «Астана аренада» жастар арасында 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Андорра матчы өтеді. Кездесудің басталуы – 19:30 жоспарланған.

Жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Ал стадионға барып, жастарға қолдау көрсетем деушілерге билеттерді Ticketon.kz сайтынан ала алады.

Матч жайлы толық ақпарат:

  • Қазақстан U21 Андорра U21
  • Еуро-2027 іріктеу кезеңі
  • 2025 жылғы 5 маусым | 19:30
  • «Астана Арена», Астана
  • Qazsport арнасында тікелей эфир
  • Билеттер: Ticketon.kz

Бұл матчта ерекше назар аударарлық ойыншылардың бірі 16 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Дастан алдымен Андорраға қарсы ойында жастар құрамасына көмектеседі. Содан кейін жас футболшы негізгі ұлттық құраманың сапына оралып, Солтүстік Македониямен болатын маңызды матчқа дайындықты жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз