Сотталушылардың ата-аналары үкіммен келіспей сот залында шу шығарды (видео)
Жарияланды

Бүгін, 5 маусым күні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты.
Үкім жарияланған сәтте сот залында отырғандардың эмоциясы шарықтап, жағдай бақылаудан шығып кете жаздады. Сотталушылар отырған әйнек қабырғаның ар жағынан жұдырықпен ұрған қатты дыбыс естіліп, тіпті әйнек жарылып кете жаздаған. Көпшілік сотталушылардың аты-жөнін атап, оларды сабырға шақырғанымен, зал ішіндегі жағдай ушығып кетті.
Айта кетейік, бүгін 9 күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл — 23 жылға, ал Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды.