Сот үкімінен кейін айыпталушы Қалиахметтің анасы есінен танып қалды

Шерзат ісі бойынша сот үкімі жарияланған соң, 7 жылға бас бостандығынан айырылған Дидар Қалиахметтің анасы есінен танып, жерге құлап түсті.
Куәгерлердің айтуынша, анасының жағдайы үкім оқылған сәтте күрт нашарлаған. Сот залында отырғандар мен туыстары жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер дереу жеткен. Медициналық көмек көрсетілген соң, әйел адам ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, Дидар Қалиахмет ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша («Бұзақылық») кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында айыпталған тоғыз адамның бірі болды.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін залда отырған бірнеше сотталушының туысы ауыр реакция білдіріп, эмоцияға берілді. Кейбіреулері айқайлап, үкіммен келіспейтінін жеткізсе, енді бірі көз жасын тия алмады.