Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізді / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-техникалық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, комитеттің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жиын барысында Президентке еліміздегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай-ақ үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту бағытындағы жобалар таныстырылды.

Тоқаев баяндамаларды тыңдай келе, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы тұру, маңызды инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету — ұлттық қауіпсіздіктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз