
2025 жылдың 5 маусымы – Өзбекстан футболы үшін тарихи күнге айналды. Бұл күні ел құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерімен өткен шешуші ойында тең ойнап (0:0), өз тобында екінші орын алып, алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды.
Тарихи жетістік
Өзбекстан құрамасы Азия аймағы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «А» тобында өнер көрсетті. 9 матч қорытындысы бойынша команда 18 ұпай жинап, тек Иранға ғана жол берді.
Шешуші матч Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өтті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Өзбекстaн қорғаныста сенімді ойнап, маңызды бір ұпайды еншіледі. Бұл нәтижемен олар әлем чемпионатының келесі кезеңіне тікелей жолдама алып отыр.
Өзбекстан футболындағы үлкен серпіліс
Өзбекстaн құрамасының бұл жетістігі Орталық Азия аймағындағы футболдың дамып келе жатқанын көрсетті. Осыған дейін Әлем чемпионатына негізінен Иран, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты алпауыттар қатысып келсе, енді бұл қатарға Өзбекстан да қосылды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Өзбекстан құрамасы алғаш рет әлемдік аренада бақ сынап, өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Қазақстан құрамасын әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.