Неге жігіттерді көшеден ұстап алып, әскерге әкетіп жатыр – министрлік жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Министрлік өкілі жігіттерді көшеден ұстап алып, әскерге алып кету тәжірибесі қоғамдық нормаларына жат екенін айтты / Фото: ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы уақытта жігіттерді көшеден ұстап алып, әскерге алып кету тәжірибесі жиілеп кетті. Әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Мұның себебін Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтен сұрадық.

«Қазір жігіттерді көшеден ұстап алып, әскерге әкетіп жатыр. Жастарды қоғамдық орындардан, компьютерлік клубтардан ұстап алып кетіп жатыр. Жігіттердің қолын бұрап, ұстап жатқандар қарапайым киінген, жанында полиция қызметкері бар. Жалпы, бұл қаншалықты заңды? Бұл әрекет қазіргі заманауи қоғам нормаларына сай келмейді ғой», – деп сауал қойды БАҚ өкілі.

Сұлтан Қамалетдинов әскерде борышын өтеу әрбір жігіттің міндеті екенін айтты. Ал көшеден ұстап әкету тәжірибесі қазіргі қоғам нормаларына жат екенін жоққа шығармады.

«Өкінішке қарай, осындай фактілер бар. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Десе де, елде заң мен тәртіп орнату талаптары бектілген. Заң бойынша азамат өз міндетін орындауға міндетті. Онда ерікті түрде әскерге қатыса алады деген норма жоқ. Әр азамат әскери борышын өтеуге міндетті», – деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ оқыңыз