Алматының жалпы өңірлік өсімі жан басына шаққанда 27,5 долларды құрайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
бизнес, деньги, график, курс, цены
Алматының жалпы өңірлік өсімі жан басына шаққанда 27,5 долларды құрайды / Фото: ЖИ. Бильд-редактор Дастан Шанай

Алматының жалпы өңірлік өсімі жан басына шаққанда 27,5 долларды құрайды. Алматы қаласының соңғы жылдары жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізгенін қалалық мәслихаттың ХХХ сессиясында Алматы қаласы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев айтты.

«2024 жылы Алматы қаласы экономикасының қарқынды өсуі қамтамасыз етілді. ЖӨӨ өсімі 5,6% -ға жетті. Жан басына шаққанда 27,5 мың долларға дейін ұлғайды. Алматы ЖӨӨ-нің Қазақстан экономикасындағы үлесі 21,8%-ға дейін өсті», – деді ол.

Өмірбаевтың айтуынша, қала бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам қаражат түскен, ал спалықтар мен төлемдер 24%-ға өскен.

Сонымен бірге даму жоспарында көрсетілген 7 бағыттағы 108 нысаналы индикатор бойынша 2024 жылы 797 млрд теңге сомаға 574 іс-шара іске асырыған.

Айта кетейік осы жиында Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков, қаланың республикалық бюджетке 3,7 трлн теңге көлемінде салық төлегенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз