Талдықорғанда ағаш сынып, бала жараланды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Талдықорғанда ағаш бұтағы сынып, бала жарақат алды / Фото: FotoDuets/Getty және ЖИ; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ағаш бұтағы сынып, салдарынан астынан өтіп бара жатқан бала жарақат алды. Бұл туралы жергілікті әлеуметтік желілер хабарлады.

Оқиға қаланың адам көп жүретін ауданы Арбатта болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жерде ағаштың үлкен бұтағы жатқанын көруге болады.

«Мына бұтақ, анау үлкен ағаштан құлады. Енді бұл жерден қалай өтеміз?», – дейді видеодағы куәгер.

Сонымен бірге балаға жедел жәрдем келгені айтылады. Ауыр бұтақ баланың басына түскен. Видеодан орындықта отырған, басы таңылған баланы көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз