Айтқали Әлібеков – Эльба өзенінде алғаш рет америкалықтарды кездестірген қазақ

Айтқали Әлібеков 1945 жылы Жеңіс қарсаңында Эльба өзенінде алғаш рет америкалықтармен бетпе-бет келген кеңес жауынгері болып шықты.
Тарих ғылымының докторы Михаил Мягковтың мәліметінше, бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі айтулы оқиға. Бірақ туралы ТМД елдерінен бұрын, америкалықтар жақсы біледі.
Аттылы барлаушы
«Бұл дерек көздерінде бар. Америкалықтардың өздерінің естеліктерінде де көрсетілген. Бұл жайлы АҚШ-та талай материал жарияланды. Олар кезінде орыс тіліне де аударылған», – дейді тарихшы.
Михаил Мягковтың айтуынша, америкалық лейтенант Альберт Котцебу кездестірген совет жауынгерінің ұлты – қазақ. Басқолбасшылық Айтқали Әлібековті барлауға жіберген. Ол өзінің атымен Эльба өзенін кесіп өтіп, Котцебу басқарған америкалық патрульді кездестіреді. Америкалықтардың естелігіне қарағанда, олар ұзақ сөйлеспеген.
Көп сөйлемейтін адам
«Айтқали Әлібеков қабағы түйілген, көп сөйлемейтін адам болған екен. Десе де, ол америкалықтарға кеңес әскерінің позициясы қайда орналасқанын көрсетіп берген. Қысқа ғана тілдесіп, ол өзінің позициясына қарай шаба жөнелген», – дейді Михаил Мягков.
Тарихшының сөзінше, қазақ солдаты жағдайды баяндап, америкалықтарды кездестіргенін басшылыққа жеткізуге асыққан. Қазақ солдаты осылайша соғыс кезінде америкалықтармен алғаш кезіккен кеңес жауынгері болып отыр.
Америкалықтар мұны ұмытпайды
«Америкалықтар мұны әлі күнге дейін біледі. Біз де естен шығармауымыз керек. Қазақ Айтқали Әлібековтің 25 сәуірдің таңында америкалықтармен кездескен алғашқы кеңес жауынгері екенін жадыдан шығармаған жөн. Өйткені тарихтағы ең бірегей сәт», – дейді тарих ғылымдарының докторы.
Қазақ жауынгері 1924 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданында туылған. 1944 жылы майданға өз еркімен аттаныпты. Соғыстан кейін туған ауылында ұзақ жыл еңбек еткен. Қазақ батыры 1983 жылы өмірден өткен.
Америкалықтар кеңес жауынгерлерімен, атап айтқанда Айтқали Әлібеков атты барлаушымен кездесуге тарихи тұрғыдан айтулы оқиға деп біледі.
Мұның алдында Қытайды азат етуге қатысқан жүз жастағы жауынгер туралы жазған едік.