
Банктер міндеттемелері бойынша ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) арттыру туралы өзгерістер осы жылы күзде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Соңғы екі үш ай банк қауымдастығымен қызу пікірталас жүргіздік. Жалпы банк қауымдастығы барынша салмақты көзқарас танытты. Бізге бұл құралды барынша дәл орнатуға көмектескен техникалық, әдістемелік нақтылаулар көп болды. Қазір енгізуге дайын деп есептеймін. Бірақ осы жылдың қыркүйегінен бастап ЕТРТ кезең-кезеңімен қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымен қыркүйек, қаңтар, сосын сәуір. Толыққанды үш кезеңде енгізіледі», – деді Сүлейменов
Сүлейменовтің сөзінше, банктердің барлығына бірдей жаңа талаптар ұнай қойған жоқ. Бірақ «қаржы нарғының мүддесі және инфляцияны тезірек тұрақтандыру үшін» қаржы ұйымдары келіскен.
Ең минималды резервті талап деген не?
Ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) – ақша-несие саясатындағы негізгі құралдардың бірі. Бұл талап бойынша, банк елдің орталық банкінде жоғары өтімді актив түрінде міндеттемелерінің ең минималды үлесін сақтауы керек.
МРТ көлемі ТМД елдерінде 4-4,5% түрінде, ал Қазақстанда оның көлемі әлдеқайда төмен (2%,1%,0%). Бұл қаржы құралының маңызы туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.
Осы жылдың басынан бастап Ұлттық банк ең төменгі резервті талаптарды арттыру туралы айта бастады. Бірақ нарық сарапшылары бұл талап халықаралық тәжірибеге де, жергілікті нарық мүддесіне де қайшы деп есептейді.