Қазақстан коммуналдық қызметтері ең арзан елдердің қатарына енді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Numbeo порталы әлемдегі 123 елдің деректерін жинап, коммуналдық төлемі ең арзан және қымбат елдердің рейтингісін жариялады. Әлемдік тізімде Қазақстан коммуналдық төлемі ең арзан мемлекеттердің қатарына кірген.

Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 94-орында тұр. 85 шаршы метр пәтерге төленетін коммуналдық қызметтер құны айына 56,64 доллардан айналған. Бұл көрсеткіш рейтингтің көшбасшысы Австриямен салыстырғанда шамамен 6,6 есе арзан.

Ресей 53-орынға орналасқан. Орташа есеппен ресейліктер айына 122,29 доллар төлейді екен. Бұл Қазақстаннан 2,2 есе жоғары, бірақ Батыс Еуропа елдерінің орташа көрсеткішінен шамамен 30% арзан.

Беларусь 97-орында, айына 53,31 доллар. Бұл тіпті Қазақстаннан да аз және рейтинг көшбасшыларынан 7 есе арзан.

«Посткеңестік елдердегі мұндай баға деңгейі негізінен тарифтерің реттелуімен, мемлекеттік қолдау шараларымен және үй шаруашылықтарындағы электр және су тұтыну көлемінің салыстырмалы түрде төмендігімен байланысты»,- дейді рейтинг авторлары.

Базалық коммуналдық қызметтер құны бойынша рейтингтің көшбасарлары – Батыс және Орталық Еуропа елдері. Мұндағы жоғары бағалар экологиялық саясаттың қатаң талаптарын, тұрақты энергетикаға басымдық беруді және өмір сүру деңгейінің жоғары стандарттарын көрсетеді.

Еске салайық, жыл басында елімізде коммуналды қызмет тарифтері екі есе көтеріліп, тұрғындар наразылық білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз