Жаңалықтар

Трамп 12 елдің азаматына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Трамп Украинадағы соғысты тоқтату ниетінен бас тартуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды. АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақ үй.

Бұл елдер «тексеру мен сараптау жағынан тиімсіз және Америка Құрама Штаттары үшін өте жоғары қауіп төндіреді» деп танылған. Тағы жеті елдің азаматтарына қатысты ішінара тыйым енгізілді. Бұл Того, Түрікменстан, Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне және Венесуэла. Олар да «АҚШ үшін жоғары қауіп төндіреді» деп сипатталған.

«Прокламацияда АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сай келетін тұлғаларға, тұрақты заңды тұрғындарға, қолданыстағы визасы бар азаматтарға және кейбір виза санаттарына ерекше жағдайлар қарастырылған», — делінген хабарламада.

Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде де бірқатар ел азаматтарының АҚШ-қа кіру құқығын шектеген. Ол кезде тізімге тоғыз ел кірді: Куба, Иран, Ливия, Солтүстік Корея, Сомали, Судан, Сирия, Венесуэла және Йемен. Бұл жарлықты оның ізбасары Джо Байден президенттікке кіріскен бетте жойған еді.

Бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салған. Қазір университет пен президент әкімшіліг арасында сот жүріп жатыр. Гарвардқа түскен студенттар арасында қазақстандықтар да бар. Қазір олар сот шешімін күтіп жүр.