
2025 жылдың шілде айында жаңартылған BMW M3 спорттық седанының сатылымы басталады деп күтілуде. Motor1 порталының хабарлауынша, көліктің бағасы 80 мың долларға (40,8 млн теңге) дейін жетеді.
2020 жылы BMW M3 шамамен 71 мың доллар (36 млн теңгеден астам) тұрған. Алайда жыл сайын оның бағасы шамамен 1 700 долларға (885 588 теңгеге) өсіп отырған.
Жаңартылған BMW M3 үш түрлі жинақтамада қолжетімді болады деп күтілуде. Жаңа нұсқаның бағасы 80 мыңнан 89 мың долларға дейін (40,8 млн-нан 45,4 млн теңгеге дейін) өзгереді.

Базалық модель тек алты сатылы механикалық беріліс қорабымен жабдықталған және үш педальмен ұсынылатын жалғыз жинақтама болып табылады.
Competition жинақтамасында автоматты беріліс қорабы бар, және ол базалық нұсқадан 30 ат күші артық.
Ең жоғарғы жинақтама — Competition xDrive автоматты беріліс қорабымен бірге толық жетекті жүйемен жабдықталған.
Бұған дейін BMW Италияда өткен Concorso d’Eleganza Villa d’Este көрмесінде Speedtop атты әмбебап моделін таныстырған болатын. Компания бұл көліктен небәрі 70 дана шығарады деп жоспарлап отыр, алдын ала тапсырыс қабылдау басталып кетті. Speedtop үш есікті универсал стиліндегі кузовқа ие болды.