Бүгін ел аумағында аптап ыстық болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Кейбір өңірлерінде аптап ыстық пен қатты жел күтілуде / Фото: kursiv.media архиві

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 6 маусымда елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады, ауа температурасы 42 градусқа дейін жетеді. Дегенмен кей өңірде найзағай ойнап, екпінді жел күтіледі.

Алматы облысы

Таулы аудандарда күндіз найзағай болжанады. Ауа температурасы +35 градусқа дейін, ал облыстың солтүстігінде +38 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары, әсіресе солтүстік және батыс аймақтарда аса қауіпті.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысы мен солтүстігінде синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел мен бұршақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысы

Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысы

Солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарда найзағай күтіледі. Өңірде өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс бөліктерінде – өте жоғары деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыста таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз батыс пен солтүстікте бұршақты найзағай болжанады. Солтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді.

Ұлытау облысы

Батыс және оңтүстік аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Күндізгі температура +35–38 градусқа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары және өте жоғары.

Қарағанды облысы

Солтүстік-шығыс, шығыс желі таңертең және күндіз батыс пен оңтүстікте 15–18 м/с дейін күшейеді. Күндіз оңтүстік аудандарда аптап ыстық +36 градусқа дейін. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде жоғары болып сақталады.

Абай облысы

Оңтүстікте күн 36 градусқа дейін ысиды. Орталық, батыс және шығыс аудандарда өрт қаупі жоғары, ал оңтүстікте – өте жоғары.

Атырау облысы

Батыс және солтүстік аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде.

Түркістан облысы

Оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай, ал батыс пен солтүстікте шаңды дауылдар болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі 23 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі барлық аудандарда өте жоғары.

Шымкент қаласы

Шымкентте оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары болып қала береді.

Ақмола облысы

Солтүстік және батыс аудандарда күндіз найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел екпінді (15–20 м/с). Өрт қаупі орталық, оңтүстік және батыс өңірлерде жоғары.

Қызылорда облысы

Солтүстік пен орталықта найзағай, екпінді жел және шаңды дауылдар болжанады. Жел екпінді (15–20 м/с). Өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысы

Батыс, солтүстік және орталық аудандарда найзағай болжанады. Солтүстік-батыс жел екпіні 20 м/с дейін. Көптеген өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары.

Жамбыл облысы

Таулы аймақтарда күндіз найзағай болжанады. Жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күрт ысиды +42 градусқа дейін. Өрт қаупі барлық аймақта жоғары және өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік пен шығыста найзағай күтіледі, жел екпінді (15–20 м/с). Өрт қаупі батыс пен оңтүстік-шығыста жоғары.

Қостанай облысы

Батыс, солтүстік және орталық аудандарда бұршақты найзағай, таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде.

Сондай-ақ оқыңыз