Астана аспанында беймәлім объект ұшып өтті: министрлік не дейді

5 маусым күні кешке Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының тұрғындары аспандағы «тылсым» жарықтарды байқады. Куәгерлер бұл құбылысты видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісе бастады.
Кейбіреулер мұны комета, метеор немесе тіпті пилотсыз ұшу аппараттары болуы мүмкін деген болжам жасауда. Алайда нысандардың аспанда бір сызық бойымен жылжуы олардың табиғи құбылыс немесе қарапайым әуе техникасы еместігін меңзеді.
Қорғаеыс министрілігі не дейді
Қорғаныс министрлігі аспанда ұшып өткен белгісіз құбылысқа қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство өкілдері Қазақстан аумағында әуе кеңістігінің бұзылғаны туралы деректер тіркелмегенін және жағдай тиісті қызметтердің бақылауында екенін мәлімдеді.
«Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді», –деп түсіндірді делінген Қорғаныс министрлігі.
Министрлік өкілдері азаматтарды сабыр сақтауға шықырып, расталмаған ақпарат таратпауын сұрады. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатқанын, қажет болған жағдайда ресми түсініктеме беретінін мәлімдеді.