Жаңалықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі /фото:shutterstock

2025 жылғы 7 маусымда сағат 08:33-те Алматыда жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС хабарлады.

Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің магнитудасы Алматыда 2 балл шамасында сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зілзаладан зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.

ҚР ТЖМ сейсмологтары аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.