
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, президент Дәурен Қосановқа бірнеше бағытта нақты тапсырма жүктеді.
«Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту бойынша нақты міндеттер жүктеді», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, әскери инфрақұрылымды жаңғырту бағытында тапсырма берді.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.