Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әсел Жанасова — ақпараттық технологиялар мен цифрлық трансформация саласында мол тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Сауда және интеграция вице-министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Қазпочта» АҚ басқарма төрайымы болып еңбек етіп, ұлттық пошта операторын цифрлық форматқа көшіру бағытында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Көлік министрі Марат Қарабаев пен қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатқан еді.