Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен босатылды
Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Марат Қарабаев бұл қызметке 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған. Қарабаев министрлікке дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары, сондай-ақ түрлі салалық ведомстволарда басшылық қызметтер атқарған.
Айта кетейік, Тоқаев Қорғаныс министрін де қызметінен босатты.