Жаңалықтар

Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге қарсы 2 мың әскери шақыруға бұйрық берді

Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге 2 мың әскерді жіберді / фото: Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін кемінде 2 мың әскери қызметкерді шақыру туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.

Меморандумда АҚШ-та соңғы кездері зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздіктердің көптеп орын алғаны және «федералды заңдарды орындауға қатысқан АҚШ иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) мен басқа да үкімет өкілдеріне қарсы бұл әрекеттердің жалғасу қаупі» туралы айтылған.

Трамп АҚШ-тағы наразылықтар өтіп жатқан орындарға Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерін жіберуді тапсырды.

«Менің Конституция мен АҚШ заңдарына сәйкес маған берілген өкілеттіктерді пайдалана отырып, мен АҚШ үкіметі қызметкерлерінің, оның ішінде ICE және басқа үкімет өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлерін федералды қызметке шақыру туралы шешім қабылдаймын», – деп жазылған меморандумда.

Федералды қызметке шақырылған Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері кемінде 2 мың адамды құрауы тиіс және олардың қызмет мерзімі 60 күнге дейін немесе Қорғаныс министрінің шешімімен ұзартылуы мүмкін.

Қорғаныс министрі де өз қалауы бойынша әскери күштердің басқа бөлімшелерін қосымша түрде тартуға құқылы, олар федералды функциялар мен меншікті қорғауға көмектеседі.

«АҚШ Қорғаныс министрлігі Лос-Анджелестегі федералды құқық қорғау органдарының жұмысын қолдау үшін Ұлттық гвардияны дереу мобилизациялайды. Егер зорлық-зомбылық жалғасса, Камп-Пендлтон базасындағы теңіз жаяу әскерлері де мобилизацияланады», – деп жазды АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет X әлеуметтік желісінде.

Ақ үй Трамптың сөздерін келтіріп, Калифорниядағы тәртіпсіздіктермен күресу үшін федералды үкіметтің араласатынын мәлімдеді.

«Егер Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом мен Лос-Анджелестің мэрі Карен Басс өз міндеттерін орындауға қабілетсіз болса, онда федералды үкімет араласып, тәртіпсіздіктер мен тонаушылармен күресті өз деңгейінде жүргізеді», – деді АҚШ Президенті.