Жаңалықтар

Қант пен тұз мөлшері азаяды: мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына не кіреді

Қант пен тұз мөлшері азаяды: мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына не кіреді
Қант пен тұз мөлшері азаяды: мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына не кіреді/Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірді әзірлеп, бекітті.

Ерекшеліктер ескеріледі

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапованың айтуынша, мәзір балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған.

Онда жас санаттары, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Стандарт сондай-ақ шағын жинақталған мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және қант диабеті, тамақ аллергиясы, целиакия ауруы, лактоза жеткіліксіздігі және басқа да аурулар сияқты ерекше диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды», – деді ол

Қант пен тұз мөлшері азаяды

Жаңа стандартқа сәйкес диетада қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды, құрамында табиғи емес өнімдер мен тұз бен қант көп өнімдер (шұжық өнімдері, ысталған ет, қант қосылған шырындар, спредтер, дәм мен иісті күшейткіші бар өнімдер және т.б.) алынып тасталады, жаңа піскен көкөністердің, жемістердің және табиғи өнімдердің үлесі артады.

Ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен (йогурт), маусымдық жемістерден және сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден) тұратын ланч-пакеттер дайындалады.

1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілгені жатқаны сәуір айында хабарланған.