
Қазақстанда ипотеканың шекті пайыздық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеді. Реттеуші органның тиісті қаулысы 2025 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес, банктер ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20%-дан асыра алмайды.
Бұл өзгеріс тек ипотекаға ғана қатысты. Микроқаржы ұйымдары мен банктер беретін келіпсіз несиенің шекті мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс.
Ал банктен кепіл қоя отырып алынатын кредиттің жылдық мөлшерлемесі 35%-ды құрайды.
Ал 45 күнге дейін берілетін жылдам несиенің пайыз күніне 0,3 %-дан басталып, 179% дейін жетеді.
Ипотекамен үй алғысы келетіндерге 2026 жылдан бастап несие рәсімдеудің тәртібі қатаяды.
Енді банктер қарыз алушылардың сенімділігін жіті тексермек. Жаңа ережелерге сай, тәуекелі жоғары адамдарға қатаң талап қойылады.