Нарықта дүрбелең: сауда шиеленісі мен қорғаныс активтерінің күтпеген өсуі

Нарықтағы жалпы көңіл-күй
- Апта бірқалыпты позитивті өтті, бірақ айтарлықтай серпін байқалмады.
- Инвесторларды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздеріндегі тоқырау алаңдатып отыр.
- Дональд Трамптың болат пен алюминийге импорттық баж салығын 50%-ға дейін көтеруі қосымша теріс фактор болды.
- Бұл жағдай инвесторларды қорғаныш активтерге, әсіресе, қымбат металдарға (алтын, күміс) бет бұруға итермеледі.
Қымбат металдарға сұраныс
- Күміс бағасы апта ішінде 10%-ға, жыл басынан бері 24%-ға өсті.
- Алтын апта ішінде +0,64%, жыл басынан 28%-ға қымбаттады.
Мұнай бағасы
- Brent маркалы мұнайының бағасы қайта өсіп, барреліне 65 доллар деңгейінен асты. Қара алтын бір апта ішінде 6,52 пайызға өсті

АҚШ экономикасы мен доллар
- АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі мен доллар бағамы апта ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ. ОЭСР (OECD) болжамдары
- Жаһандық ЖІӨ өсімі бойынша болжам төмендетілді: 2025 және 2026 жылдары 2,9% (бұрын: 3,1% және 3,0%)
- АҚШ ЖІӨ өсімі – 2025 жылы 1,6% (бұрын: 2,2%)
- Қытай ЖІӨ өсімі – 2025 жылы 4,7% (бұрын: 4,8%)
- АҚШ пен Қытай көшбасшыларының телефон арқылы сөйлесуінде нақты нәтиже болмауы да нарыққа теріс әсер етті.
- Сонымен қатар Трамп пен Илон Маск арасындағы жанжал да инвесторлардың көңілін күпті етті.
АҚШ еңбек нарығы және ФРЖ саясаты
- АҚШ еңбек нарығы бойынша деректер қарама-қайшы, бірақ ФРЖ (Федералды резерв жүйесінің)ұстамды саясатын қолдайды.
- ФРЖ 18 маусымда мөлшерлемені өзгертпейді деген ықтималдық – 99,8%, ал 30 шілдеде оны ұстап тұру ықтималдығы – 82%.
Еуропа нарығы
- Еуропа қор нарықтары шамамен 1,0% өсті.
- Бұған Еуропа орталық банкінің негізгі депозиттік мөлшерлемені 2,0%-ға дейін 25 б.п. төмендетуі түрткі болды. Өткен апта FTSE 100 индексі 1,39 пайызға өсіп, еуропа нарығына позитив сыйлауда.
Ресей нарығы: пайданы фиксациялау және мөлшерлеменің төмендеуі
Өткен аптада Ресейлік қор нарығы Орталық банктің негізгі мөлшерлемені төмендету шешімін алдын ала күтіп, оны баға белгілеуіне енгізіп үлгерді. Бұл күтудің негізгі белгісі — мемлекеттік облигациялар бағасының өсуі, яғни инвесторлар алдағы жұмсарту саясатына сенімді болды.
Алайда жұма күні мөлшерлеменің нақты төмендеуі жарияланғаннан кейін, нарық «фиксация прибылиге»көшіп, яғни бұрынғы өскен бағалардан пайда алу үшін акцияларын сата бастады. Нәтижесінде, MOEX индексі апта ішінде 0,85%-ға төмендеді.
Қазақстан нарығы – апталық серпін
KASE индексі шарықтады: +2,07%
Өткен аптада Қазақстан қор биржасы (KASE) айтарлықтай серпін көрсетті – индекс 2,07%-ға өсті. Бұл өсімнің басты драйверлері:
- Қазатомөнеркәсіп (KZAP) – +7,38%
- Kcell телеком (KZTK) – +12,89%
Уран нарығы жарқырады
«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының қымбаттауы – уран бағасының жаһандық нарықта қайта жандануымен тікелей байланысты. Уранға деген қызығушылық артқан сайын, ұлттық компанияның да құны шарықтап келеді.
Әлемдік нарық қорытындысы
- Еуропа, Азия және Америка нарықтары апта соңында айтарлықтай өсті.
- Уолл-стрит те оң нәтижемен жабылуы мүмкін – себебі жұмыс орындары (nonfarm payrolls) туралы деректер АҚШ-тағы экономикалық баяулау үрейін азайтты.
Апта жаһандық нарықтар үшін салыстырмалы түрде оң, бірақ сақтыққа толы өтті. Сауда қақтығыстары, өсім болжамдарының төмендеуі және геосаяси факторлар инвесторлар шешіміне әсер етті. Дегенмен, орталық банктердің жұмсақ саясаты мен шикізат бағасының өсуі нарықтарға қолдау көрсетіп тұр.