Lifestyle

Сәкен Майғазиев ұлының тойының онлайн трансляциясын 1380 теңгеге сатып жатыр

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын ондайн көруге болады
Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көру үшін 1380 теңге төлеу керек / Фото: instagram: saken_maigaziyev; Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына онлайн қатысуға болады. Әнші Әділет пен келіні Әдияның тойына қонақтар онлайн қатысатынын жариялаған. Бірақ бұл тойға қонақтар тегін қатыса алмайды. Онлайн трансляцияға тіркелу құны 1380 теңге.

Тойға қатысу үшін Сәкен Майғазиевтің парақшасында көрсетілген сілтемеге өту керек. Сілтеме сізді арнайы телеграм-ботқа бағыттайды. Сол жерге аты-жөніңізді енгізіп, ақшасын төлеу керек.

«Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш! Әділет және Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы! Біз Telegram-да жабық арна құрдық, онда үйлену тойымыздың тікелей трансляциясы, сонымен қатар сахна сыртындағы сәттер, эксклюзив фото және видеолар жарияланады! Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өткілеріңіз келгеніне алғысымызды білдіреміз!», – делінген онлайн шақыру билетінде.

Онлайн көрсетілім неге ақылы?

Майғазиевтер отбасындағы тойдың неге ақылы екенін Анна Данченко түсіндіріп өткен.

«Осы жерде бірнәрсені айтқым келеді. Сілтеме ақылы болады деп айтқан едім. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын, ұйымдастырушылар жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат керек. Оның ақшасы бар, серверге тапсырыс беру керек. Өзінің сомасы үлкен емес, мың теңгеден асады. Қымбат емес. Ол ақшаны Сәкен аға өзіне жаратпайды. Бұл ақша ПТС камералар мен түсіретін ұжымға беріледі», – дейді журналист.

«Ұят тірлік»

Майғазиевтің бұл бастамасын оқырмандардың көпшілігі «ұят тірлік» деп бағаласа, енді бірі қолдау көрсетіп жатыр.

«Ужас, тойын көруге тіркеліңдер дегенге тіркелейін десем, 1380 теңге төле деп тұр. Баласының тойын сатып ақша жасағаны несі? МузАрт деген атқа сын келтірді. Масқара, ол ақша не үшін керек болды екен», – деп жазады оқырман. (оқырманның әріптік қателері түзетілді, ред.)

Тағы бірі: «Той көрейік десек, ақша сұрап тұр, 1400 не жалко, бірақ төлегім келмей қалды», – деп жазады.

Енді бірі Майғазиевтен мұндайды күтпегенін айтып, бұл тірлікті халық адамының «атына сай емес» деп сынады.

Әншіні жақтаушы топ жастарға бақыт тілеп, теріс пікір қалдырып жатқандарға, өз ақылын айтып жатты.

«Елдің ақшасын санап, кедей боп өтпеңдерші, қазақтар. Өз тойларын 1380 теңге емес, 138 000 десе де, өз шаруасы. Ешкім ешкімге мылтық таққап төлетіп жатқан жоқ», – деп жазған бір оқырман.