Талапкерлер назарына: шығармашылық емтихан тапсыратын күн белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Грантқа құжат қабылдау шілде айында басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Шығармашылық емтихан өтетін уақыт белгілі болды / Фото: kursiv.media архив

ЖОО-ға түсетін талапкерлер қай күні шығармашылық емтихан тапсыратыны белгілі болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік талапкерлерге арналған күнтізбені жариялаған. Күнтізбеге сәйкес, 16 мамырда басталған ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.

Ал ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым басталып, 25 тамызға дейін созылады.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарын таңдаған абитуриенттердің арнайы емтихандары 20 маусым – 20 тамыз аралығына жоспарланған. Бұл емтиханға қатысу үшін 20 шілдеге дейін конкурс құжаттарын тапсыру қажет.

Ал шығармашылық емтихан тапсыруға өтініш 20 маусым-10 тамыз аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін тиісті құжаттарды өткізіп қойған абзал.

Шығармашылық емтихандардың өзі 7 шілде-15 тамыз аралығында өткізіледі. Оған қатысу үшін 20 шілдеге дейін конкурстық құжаттарды өткізіп қою керек болады.

«Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады», – деп хабарлайды министрлік.

 Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Министрлік ата-аналар мен талапкерлерге ресми ақпарат көздерінен 2025-2026 оқу жылына қабылдау мерзімін қадағалап отыруды және маңызды күндерден қалыс қалып қоймауды ескерткен.

Айта кетсек, осыған дейін министрлік осы оқу жылында қандай мамандықтарға грант көп бөлінетінін айтқан болатын. Министрліктің өкілі Талғат Ешенқұлов техникалық мамандықтарға грант саны бойынша басымдық берілетінін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз