АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдер туралы жарлық күшіне енді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің тізімі өзгеріп отырмақ / фото: shutterstock
АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің тізімі өзгеріп отырмақ / фото: shutterstock

12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды. АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойған жарлық күшіне енді.

ВВС ақпаратына қарағанда, бұл мемлекеттердің ішінде біздің бір көршіміз де бар.

АҚШ-қа кіруге шектеу қойылған елдердің ішінде Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен бар.

Сонымен қатар, Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түркіменстан және Венесуэла елдерінің азаматтары үшін жартылай шектеу енгізілмек.

АҚШ президенті бұл тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ол үшін бұл мемлекеттерде «елеулі жақсарту» жасалуы тиіс. Сондай-ақ, кей елдер тізімнен шығарылса, басқа елдер кіруі ғажап емес.

Кейбір жағдайларда аталған елдердің азаматтарына елге келуге рұқсат етілуі мүмкін. Жарлық АҚШ-тың «заңды тұрақты тұрғындарына», иммиграциялық виза алған жақын туыстарына, арнайы иммиграциялық визасы бар АҚШ мемлекеттік қызметкерлеріне, бала асырап алуға байланысты келетіндерге, қос азаматтығы барларға жүрмейді.  

Бұған арнайы иммиграциялық визасы бар ауған азаматтары мен Иранда қуғын-сүргінге ұшыраған этностық және діни азшылықтарға арналған визасы барлар да кіреді.

АҚШ соты Трамптың Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдау туралы шешімін тоқтатты

Сондай-ақ оқыңыз