Toyota RAV4-ге ұқсайтын дизайны бар жаңа Mazda CX-5 кроссовері жұртты таңырқатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Mazda CX-5 кроссоверінің Toyota RAV4-ге ұқсауының өз сыры бар / 
Mazda
Mazda CX-5 кроссоверінің Toyota RAV4-ге ұқсауының өз сыры бар / Mazda

Toyota RAV4-ге ұқсайтын дизайны бар жаңа Mazda CX-5 кроссоверінің үшінші буыны жақында нарыққа шыққалы отыр.

Daily-motor ақпаратына қарағанда, жаңа үлгінің сынақ нұсқалары әлемнің түкпір-түкпірінде кездесе бастады.  Жақында мұндай кроссовер Жапония жолдарынан көрінді.

Шырайлы шам

Көліктің түнде тас жолда жүрген сәті автосүйер қауымды таңырқатты. Оның жаңа артқы шамдары ерекше. Бұл шамдар қазіргі CX-5 үлгісіндегі шамдардан, тіпті премиум санатындағы CX-60 үлгісінің шамдарынан аздап өзгешелігі бар.

Алдыңғы жарық жүйесіне келер болсақ, жаңа Mazda CX-5-те тек шамдардың пішіні ғана емес, күндізгі жарық шамдарының ішкі графикасы да өзгергені анық байқалады. Радиатор торының өлшемі мен құрылымы алғашқы буындағы CX-5 үлгісіне ұқсайды.

Mazda мен Toyota неге бірдей болмақ?

Бірақ, ең қызығы, жаңа CX-5-тің салоны Toyota RAV4-тің соңғы үлгісіне ұқсас болуы мүмкін.

Жапон инсайдерлерінің хабарлауынша, Mazda мен Toyota ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойып, бірдей орталық дисплейлер мен борттық жүйелерді пайдаланбақ.

Осылайша, үшінші буындағы Mazda CX-5 те RAV4-тің жаңа буынындағы 12,9 дюймдік мультимедиялық жүйемен жабдықталуы мүмкін. Бұл жүйе Arene операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Оның интерфейсі Google-дың Android және Apple-дың iOS жүйелеріне ұқсас болмақ.

Гибридті жүйелері қандай?

Жаңа CX-5 ұзындығы 4,8 метрге дейін, ал біліктері арасындағы қашықтығы 2,8 метрге дейін ұлғаяды.

Көлік қақпағы астында 2 литрлік іштен жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін Skyactiv-G және Skyactiv-X жұмсақ гибридті жүйелері орнатылады деп күтілуде. 2027 жылы 2,5 литрлік ДВС қолданатын жаңа Skyactiv-Z қосылатын гибриді пайда болады.

Мұның алдында ең үздік жапон көліктері – алғашқы ондыққа кірген үлгілер туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз