Астана әкімдігі екі аяғынан айрылған Алуаға көмектеседі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алуа бір айдан кейін 8 жасқа толады / фото: ашық дереккөз, Гүлбану Әниятқызы
Алуа бір айдан кейін 8 жасқа толады / фото: ашық дереккөз, Гүлбану Әниятқызы

Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанада жол апатынан екі аяғынан айрылған қыздың үйінде болып, Алуаға көмек көрсетілетінін айтты.

«Алуаның үйінде болдым. Анасымен сөйлесіп, оңалту, протоздеу туралы әңгімелестік. Кішкентай қыздың өзімен де сөйлестім. Кітап ақтардық. Аздап пицца жедік. Ол үнемі көтер дейді, далаға шыққысы келеді», – деп жазды уәкіл Instagram-дағы парағына.

Оның айтуынша, Алуаның отбасына көмектесу мәселесін Астана әкімдігі қарастырып жатыр.

«Қала әкімі Ж.М. Қасымбек (Жеңіс Қасымбек – ред.) осы отбасына көмектесу мәселелерінің бәрін қарастырып жатыр. Біз байланыс ұстап отырмыз», – дейді Зәкиева.

Естеріңізге сала кетейік, 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған. Жол апатынан 15 адам зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер 8 жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған.

Астанадағы ірі жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз