Lifestyle

Roland Garros тарихындағы ең ұзақ финалда Карлос Алькарас жеңімпаз атанды

Карлос Алькарас екінші жыл қатарынан Roland Garros турнирінде жеңімпаз атанды / фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes
Карлос Алькарас екінші жыл қатарынан Roland Garros турнирінде жеңімпаз атанды / фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes

Франция ашық біріншілігі – Roland Garros тарихындағы ең ұзақ финалда Карлос Алькарас чемпион атанды. Ол италиялық Янник Синнерді бес сетте жеңді. Матч 5:30 минутқа созылды.

Үлкен Дулыға санатындағы төрт турнирдің бірі – Roland Garros финалында әлемнің бірінші және екінші теннисшілері кездесті. Париж кортындағы бұл ойын турнир тарихындағы ең ұзақ финал ретінде есте қалады.

Әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнер алғашқы екі сетті 6:4, 7:6 есебімен жеңген. Алайда Карлос Алькарас одан кейінгі екі партияда дәл осындай есеппен басым түсіп, ойынды қорытынды сетке аударды. Айта кетейік, төртінші партияның оныншы геймінде Синнер үш бірдей матчболды жүзеге асыра алмады.

Шешуші партияның алғашқы геймінде-ақ брейк жасаған Алькарас партияның оныншы гейміне дейін алда болды. Дегенмен Синнер сол геймде есепті теңестіре алып, жеңімпаз супертайбрейкте анықталды. Мұнда испан теннисшісінің бағы жанды. Матч 4:6, 6:7, 6:4, 7:6, 7:6 есебімен аяқталды. Осылайша Карлос Алькарас екінші жыл қатарынан Rolland Garros чемпионы атанды. 2024 жылы да Париж корттарында оны жеңетін ешкім табылмаған.

22 жастағы Карлос Алькарас осымен 20 турнирде, соның ішінде Үлкен Дулыға санатындағы бес ірі жарыста топ жарып отыр.

Янник Синнер алғаш рет RG финалында ойнады. Ол бұған дейін Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бубликті ширек финалда жарыс жолынан тайдырған еді.