L’Oreal тері күтіміне арналған Medik8 брендін сатып алады

L’Oreal тері күтіміне арналған Medik8 ағылшын компаниясын сатып алатынын жариялады. Себебі француз компаниясы өнімдерін әлеуметтік желілер арқылы жарналамауға ұмтылып жүр. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Басылымның мәліметінше, дүйсенбі күні компания бренд басшылығы өзгермейтінін, ал Inflexion миноритарлы акцияларын сақтап қалатынын жариялады.
L’Oreal әлеуметтік желілердегі инфлюенсерлер қызығатын тері күтіміне арналған өнімдерді ұсынғанды жөн деп шешті. Косметикалық өнімдер TikTok секілді платформаларда көп жарнамаланады. Себебі қарапайым халық арасында «дермокосметикаға» сұраныс жоғары.
Бір апта бұрын Financial Times келісім құны шамамен 1 млрд еуро (1,14 млрд доллар) деп хабарлаған. Ұлыбритания салық қызметінің мәліметінше, 2023 жылы Medik8 компаниясы 15,6 млн фунтов стерлинг табыс тапқан.
Medik8 компаниясы 2009 жылы құрылған. Оның бас кеңсесі Лондон қаласында орналасқан. Компания негізінен егде адамның терісін күтуге, жасартуға арналған өнімдер шығарумен айналысады. Бренд негізін ғалым Эллиот Айзекс қалаған.
Inflexion инвестициялық компаниясы брендті 2021 жылы сатып алған. Бірақ сол кезде компания нақты қаншаға сатылғаны айтылмаған.
L’Oreal 2023 жылы Aesop косметикалық брендін 2,5 млрд долларға сатып алып, люкс бөлімдерін күшейткен. Ал 2024 жылы француз гигантына Dr.G. корей бренді де өткен. Топ құрамына SkinCeuticals, CeraVe және Vichy брендтері де кіреді. Жаңадан сатып алынатын Medik8 «дермокосметика» санатындағы өнімдер санын толтыра түсуге тиіс.
L’Oréal әлемдегі ең ірі косметикалық компаниялардың бірі. Оның құны 205 млрд еуроға бағаланады.