Lifestyle

Роналду соққан гол Португалияға жеңіс әперді

Криштиану Роналду Португалия құрамасына көмектесті / фото: UEFA
Криштиану Роналду Португалия құрамасына көмектесті / фото: UEFA

Португалия құрамасы Ұлттар Лигасының жеңімпазы атанды. Ол финалда Испанияны жеңді. Голдардың бірін 40 жастағы Криштиану Роналду соқты.

Мюнхен қаласында өткен тартысты матч жеңімпазы пенальтиде ғана анықталды. Бірінші таймнан кейін Португалия 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Екінші таймның 61 минутында әйгілі футболшы Роналду бір гол соғып, есепті теңестірді.

Матч соңындағы пенальти 5:3 есебімен Португалия пайдасына шешілді.

Осылайша, Кристиану Роналду бастаған топ екінші мәрте Ұлттар Лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін құрама 2019 жылы чемпион болған. Ал Испания 2023 жылы осы турнирде топ жарған.

Қола жүлде Франция құрамасына бұйырды. Ол 2:0 есебімен Германияны жеңді. Бұл матч Штутгарт қаласында өтті.