Экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот процесі басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Мамаш ісі сотта қаралып жатыр/фото: kursiv.media

Астанада дипломат Сәкен Мамаш ісі бойынша сот процесі басталды.

Жәбірленуші Карина Мамаш сот процесін жабық режимде өткізуді сұрады.

«Жеке өмірім егжей-тегжейлі жария болғанын қаламаймын, екі балам бар, олардың психологиясына алаңдаймын», – деді Карина Мамаш.

Ал Сәкен Мамаш БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысуына қарсы емес екенін, тек сот процесі аяқталғанша БАҚ-та фотосын жарияламауды сұрады.

Істегі мемлекеттік айыптаушы сот отырысын жабық форматта өткізуге негіз жоқ екенін жеткізді.

Істі қарап жатқан судья Артур Абдыханов өтінішхатқа қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Кеңесу бөлмесінен кейін судья өтінішхатты ішінара қанағаттандырды. Соған сәйкес сот процесі сот тергеуі басталған кезде көпшілікке жабық болады. БАҚ өкілдері сот үкімі шығатын кезде сотқа қатыса алады.

Сәкен Мамаш кім?

Мамаш Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған.

Оның әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтты. Содан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды.

Істің мән-жайы

Содан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізді. Тергеу Қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген.

Мамаш 2025 жылдың 4 сәуірінде қамауға алынды.

Іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз