Каринаның өмірін миллиондаған қыз армандайды – Сәкен Мамаштың ағасы
Жарияланды

Экс-дипломат Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш бауырының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KursivMedia.
Нұржан Мамаштың айтуынша, Карина Мамаш тұрмыста болған кезде таршылық көрмеген.
«Менің ойымша, Каринаның өмірін миллиондаған қыз армандайды. Бриллиант, шубаның түр-түрі бар, қаржыдан қиналған емес. Қайда барамыз, не ішеміз, не жейміз деген емес. (…) Үкім қандай болатынын білмейміз, аққа Құдай жақ. Қазір біздің адвокат құжаттарды көрсетеді», – деді Нұржан Мамаш.