Сот Сәкен Мамашқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

Астанада дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот процесі басталды. Сот отырысы барысында қорғау тарапының адвокаты Сәкен Мамашқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады. Экс-дипломат 2025 жылдың сәуірінде қамауға алынған.
Мамаш та өзін қоғамнан оқшауламауды сұрады.
Судья Артур Абдыханов тараптардың пікірін тыңдап, сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруға негіз жоқ деп тапты.
Істің мән-жайы
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялады. Ол жерде 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтқан. Сол жағдайдан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды.
Содан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізді. Тергеу қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген.
Мамаш 2025 жылдың сәуірінде қамауға алынды.
«…Тергеу нәтижесінде күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – деп хабарлады Астана қаласы полициясы.
Іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Басты сот талқылауы 2025 жылдың 10 маусымында басталды.