Алматы метросы «барахолканы» басып өтіп Алатау қаласына дейін созылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы метросы "барахолканы" басып өтіп Алатау қаласына дейін созылады
Алматы метросы «барахолканы» басып өтіп Алатау қаласына дейін созылады/Фото: Kolesa.kz

Алматы метросының үшінші желісі Алатау қаласына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта жобалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланған.

Конкурс 11-18 маусым аралығында өтеді. Жобалық жұмыстарды аяқтау 2026 жылғы мамырға жоспарланған.

Үшінші желі екі бөлікке бөлінеді деп күтіліп отыр. Біріншісі – «Мизам» базарынан «Сайран» бекетіне дейін, екіншісі – Алатау қаласынан «Мизам» базарына дейін болады.

Бірінші бөлік «Мизам» базарынан Солтүстік айналма көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін, кейін оңтүстік-батыс бағытта Тілендиев көшесіне дейін, Тілендиев бойымен оңтүстікке қарай «Сайран» бекетіне қарай созылады. Ал бекеттер мына мекенжайларда орналасады:

  • № 1 – «Ялян» базары маңында, Солтүстік айналма бойында;
  • № 2 – «Адем» сауда үйі маңында, Солтүстік айналма бойында;
  • № 3 – Райымбек – Тілендиев қиылысында;
  • № 4 – Төле би – Тілендиев қиылысында;
  • № 5 – Абай – Тілендиев қиылысында, бірінші желіге ауысуға болады.

Екінші бөлік «Солтүстік» көлік торабынан Алматы – Қонаев трассасы бойымен Боралдай көшесіне дейін және Солтүстік айналма бойымен «Мизам» базарына дейін созылады. Бұл бөлікке жеті бекет салынады:

  • № 1 — Gate City жанында, «Солтүстік» көлік торабы аумағында;
  • № 2 — «Кемел» ықшам ауданы маңында;
  • № 3 — Солтүстік айналма мен Боралдай көшесінің қиылысында;
  • № 4 — Солтүстік айналма бойымен Торговый переулок көшесінің қиылысында;
  • № 5 — Солтүстік айналма бойымен әскери бөлімше жанында;
  • № 6 — «Кенжехан» базары маңында;
  • № 7 — «Мизам» базары маңында.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуге 1,3 млрд тенге қарастырылған.

Бүгінде Алматы метросы қаланың батыс аудандарына қарай созылып барады. Бұған дейін, құрылысы жүріп жатқан «Қалқаман» бекетіне тағы 28 млрд теңге бөлінетіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз