ChatGPT қызметінен жаппай ақау шықты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ChatGPT қызметінен жаппай ақау шықты
ChatGPT қызметінен жаппай ақау шықты/Фото: shutterstock

Әртүрлі елдердегі ChatGPT пайдаланушылары чат-бот жұмысындағы ақау туралы хабарлап жатыр, бұл туралы Downdetector қызметінің мәліметтерінен белгілі болды.

Жүйедегі ақау Астана уақыты бойынша шамамен 11:40-та басталып, түске таман күшейген.

Ақау туралы ең көп шағым Нидерландыдан келіп түскен. Ол жақтан 4 мыңнан астам хабарлама келген. Ұлыбритания мен Жапонияда 1 мыңнан астам өтініш тіркелген. Сондай-ақ АҚШ, Франция, Аустралия, Канада, Бразилия, Мексика және Үндістан елдеріндегі пайдаланушылар да жүйе жұмысынан ақау байқаған.

Пайдаланушылар OpenAI сайтына, мобильді қосымшаға, сонымен қатар аккаунтқа кіруде қиындық туындағанын атап өтуде.

ChatGPT 2022 жылдың қараша айында іске қосылған. ЖИ негізделген сервис бірден танылып, алғашқы 1 миллион пайдаланушыны бір аптаға жетпей жинаған.

Бұған дейін, ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлейтінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз