Енді көпқабатты үйде тұру ережелерін бұзғандар айыппұл арқалайды
Жарияланды

Қазақстанда көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін жаңа ережелер күшіне енгеніне байланысты Ақтау полициясы бақылау күшейгені туралы мәлімдеме жасаған. Бұл туралы lada.kz басылымы хабарлады.
Полиция әкімшілік кодекске енгізілген ережелер көршілердің жеке кеңістігіне құрметпен қарауды міндеттейтінін атап өткен. Ережені бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған.
Көпқабатты үйлерде әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін әрекеттер:
- Кіреберісте темекі шегу – 58 000 теңге айыппұл қарастырылған;
- Есік алдына немесе контейнерден тыс жерге қоқыс тастау – 78 000 теңге айыппұл;
- Вандализм (қабырғадағы жазулар, граффити, бүлдіру) – 197 600 теңге немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу;
- Түнгі уақытта тыныштықты бұзу (22:00–09:00) – жеке тұлғалар үшін 19 660 теңге, кәсіпкерлік субъектілері үшін 78 000 теңгеге дейін айыппұл;
- Кіреберіске заттар қою (велосипед, арба, қораптар және т.б.) — тыйым салынған.
Бұған дейін, енді көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстау тарифтері жыл сайын өсіп отыратынын жазғанбыз.