Қызметтен босаған қорғаныс министрінің қамауға алынғаны жайлы ақпарат тарады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Руслан Жаксылыков
Экс-министр Руслан Жақсылықов қамауға алынғаны хабарланды / Фото: Gov.kz

Жуырда ғана Қорғаныс министрі қызметінен босатылған Руслан Жақсылықов қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы алғашқы болып «Выход к правде» телеграм арнасы жазды.

Тараған ақпаратта «Жақсылықов 10 маусымда тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалғаны» жазылған.

Бұдан кейін ақпаратты Ербол Еділов те телеграмм арнасында жария етті.

Ербол Еділовтің телеграм арнасынан скриншот
Ербол Еділовтің телеграм арнасынан скриншот

Алайда аталған ақпарат ресми расталған жоқ. KursivMedia-ға Астана қаласының полиция департаменті мұндай ақпараттан хабарсыз екенін айтып, тергеу органына жүгінуді ұсынды. Бас прокуратура да, ҰҚК де, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі де «ақпараттан хабарсызбыз» деген жауап қайтарды.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігінен 8 маусым күні алынған. Ауыс-түйістен кейін Қорғаныс министрлігін басқарғандар несімен есте қалғанын шолып шыққанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз