Трамп өзіне қарсы шыққан Калифорния губернаторын тұтқындауы мүмкін екенін мәлімдеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Трамп өзіне қарсы шыққан Калифорния губернаторын тұтқындауы мүмкін екенін мәлімдеді
Трамп өзіне қарсы шыққан Калифорния губернаторын тұтқындауы мүмкін екенін мәлімдеді/Фото: Eric Thayer/The AP

Лос-Анджелестегі жаппай толқуға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды тұтқындауға дейін баратынын мәлімдеді.

Euronews Трамп иммиграциялық рейдтер мен ұлттық гвардияның енгізілуінен кейін туындаған қақтығыстарға осылайша реакция танытып отырғанын жазады.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом Трампты «штаттың егемендігін бұзды» деп айыптап, сотқа жүгінетінін айтты. Оны Лос-Анджелес мэрі Карен Басс та қолдаған. Ал Ақ үй өкілі Ньюсомды «жалған ақпарат таратып отыр» деп айыптады.

Трамп әлеуметтік желіде «Лос-Анджелестегі жағдай нашар. Әскер кіргізіңдер!» деп жазып, теңіз жаяу әскерлерін дайындау туралы бұйрық берді. Қазіргі кезде 500-ге жуық сарбаз Твентинайн-Палмс базасында дайын тұрғаны хабарланды.

Наразылық акциялары ICE (АҚШ иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі) агенттері 6 маусымда заңсыз мигранттарға қарсы рейд жүргізіп, 45 адамды ұстағаннан кейін басталған. Наразылық білдіргендер Лос-Анджелестегі ұстау орталығының алдына жиналып, полициямен қақтығысқан. 8 маусым күні жағдай ушығып, мыңдаған адам көшеге шыққан. Олар автостраданы жауып, көліктерді өртеген. Полиция резеңке оқ пен көз жасауратқыш газ қолдануға мәжбүр болған.

Бүгінде 60-қа жуық адам ұсталып, бірнеше құқық қорғаушы жараланған. Австралиялық журналист Лорен Томази резеңке оқтан жарақат алғаны хабарланды. Ереуілшілердің кейбірі полицияға «молотов коктейльдерін» лақтырып, тәртіп сақшыларына шабуылдаған.

Бұған дейін, Трамп Калифорниядағы тәртіпсіздіктерге қарсы 2 мың әскери шақыруға бұйрық бергенін жазғанбыз.

Сондай-ақ таяуда АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдер туралы жарлық күшіне енген.

Сондай-ақ оқыңыз