Ақша айырбастау пункттері валютаны қабылдамай қойса не істеу керек

Шетел валютасын айырбастағанда, кейде ақша айырбастау пункттері ақшаңызды қабылдамай қоюы мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі орын алатындықтан, Қазақстан Ұлттық Банкі шетел валютасымен айырбастауға жарамсыз болатын банкноталардың нақты тізімін бекіткен.
Қандай валюталар айырбастауға жарамсыз?
Егер шетелдік қағаз ақшада төмендегі тізімде жазылған ақау болса, ол айырбастауға жарамсыз:
- Жыртылған немесе желімделген. Ақша бөлшектеліп жыртылған болса немесе скотчпен жапсырылған болса оны банк те айырбастау пункттері де қабылдамайды.
- Отқа күйген, шеттері қарайған немесе түсі өзгерген банкноталар.
- Егер бір жеріне төгілген бояу көлемі 1 шаршы сантиметрден асса, оны да айырбастай алмайсыз,.
- Қағазы қатты тозған, кірлеген, ультракүлгінде (UV) жарқыраған ақшаны да алмайды,
- Бөгде жазу немесе мөр басылған – Екі немесе одан көп жазу, сызу, мөр болса
- Бұрышы немесе бөліктері жұлынған
- Ұзындығы не ені бастапқы өлшемнен 3 мм-ден көп қысқарған немесе ұзарған болса, оны да айырбастау мүккін емес.
- Сутаңба, қорғаныш жіптері жоқ немесе бұлыңғыр бейне басылған валюталар жарамайды
- Қолға ұстағанда қаттылығын жоғалтқан, қолдан тозған ақшаны да айырьбастау қиын.
Айналымнан шығарылған валюталар да жарамсыз
Егер шет елдің эмитент-банкі (яғни сол ақшаны шығарған елдің орталық банкі) қандай да бір валюта түрін айналымнан алып тастаса, ол ақша жарамсыз саналады. Мұндай ақшаларды тек арнайы инкассалық келісімі бар банктер ғана қабылдай алады және де комиссиясы болады (жиі 10%-ға дейін).
Қандай валюта айырбастауға жарамды?
Айырбасқа жарамды шетел валютасы дегеніміз – тиісті елде заңды төлем құралы ретінде қолданыста бар, қағазында жоғарыда көрсетілген ақаулар жоқ қағаз ақша. Ол шығарылған жылына қарамастан, айырбастауға жатады,
Егер айырбастау пункті ақшаңызды қабылдамай қойса не істеу керек?
Егер сіздің купюраңыз жарамды, бірақ айырбастау пункті қабылдаудан негізсіз бас тартса, онда айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына шағым жазуға болады. Шағымға ақша айырбастаудан неге бас тартқанын және сіздің ақшаңыз туралы нақты ақпараттарды қосу керек,
Бұған дейін валюта айырбастағанда не нәрсеге мән беру керек екенін жазғанбыз.