Шетелдіктер мен алматылықтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
вымогательство, Алматы
Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды / Фото: polisia.kz

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясында жүргізілген операция кезінде құқық қорғау органдары ауыр қылмыстарға қатысы бар топ ұсталды. Қылмыстық топ бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ мәліметінше, 3 маусымда Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚК және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бірқатар ауыр қылмысқа күдікті топты қолға түсірген.

Тергеу барысында олардың шетел азаматын күш қолдану арқылы жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және оған қысым көрсетіп, 5 миллион теңге көлеміндегі ақшасын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ күдіктілердің заңсыз қару сақтағаны және басқа да құқыққа қайшы жанжалдарға қатысқаны белгілі болды.

Үш құзырлы органның бірлесіп жүргізген операциясы кезінде 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қару түрлер, есірткі заттары тәркіленген.

«Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Айта кетсек, 2025 жылдың басында «Qarmet» мүлкін ұрлап, адамдарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топқа сот үкімі шыққан болатын. Олар кәсіпорыннан маңызды меалл бұйымдарын ұрлаған. Билік өкіліне қоқан-лоққы көрсетіп, борсалаған. Нәтижесінде қылмыстық топты басқарған 2 адам 12 жылға, қалғандары 6 айдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз