Жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жүргізуші куәлігін алу
Жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді. «Азаматтарға арналған үкімет» медициналық анықтаманы тексеру процесін автоматтандырған.

Солайша 073/у медициналық анықтамалығын тексеру шаралары жеңілдейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары толығымен аяқталған.

Жүйені автоматтандырудың артықшылықтар келесідей:

  • Құжаттарды қарау уақыты қысқарады;
  • Жалған анықтамалар беру жағдайларына жол берілмейді;
  • Жүргізуші куәлігін алудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Яғни куәлік алуға ниетті азаматтардан медициналық анықтаманы құжат түрінде ұсыну талап етілмейді. Азаматтардың медициналық тексерістен өткен туралы құжаттары автоматты түрде ортақ жүйеде көрінеді. Солайша жүргізушіден медицианлық тескеріс құжаттары, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтама талап етілмейді.

Осы орайда айта кетсек, KursivMedia редакциясы жүргізуші куәлігін оңай жолмен алудың бірнеше нұсқалары туралы жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз